Мектеп туралы

«Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы орта мектебі» ЖШС

Түркістан облысы, Сайрам ауданы , Ақсу ауылында орналасқан. Мектеп ғимараты 2022 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Ғимараттың негізін қалаушы – Сулайманов Низамхан Сулайманұлы. Мектептің директоры – Керимкулова Балхия Жетписбаевна. Мектеп заманауи үрдісте салынған типтік ғимаратта бір ауысымда 1200 оқушыға дейін білім алуға барлық жағдайлар жасалынған. Жалпы 119 оқу кабинеті бар .

Оқушылардың сапалы білім алу үшін бар жағдай жасалған. Химия, физика, биология  кабинеттері жаңа үлгіде жабдықталған. 16 сынып кабинетіне интерактивті тақта және 3 смарт теледидар, 1 үлкен лед экран, 1 кіші лэд экран орнатылған. 2 компьютер кабинеті толықтай компьютер жабдықтарымен қамтылған және интернет желісіне қосылған. Мектеп қауіпсіздігін сақтау мақсатында 38 камера орнатылып, ДВД-мен қосылған. 5 роботехника топтамасы бар. Ашық және жабық спорт алаңдары,  хореография  және гимнастика залы, 300 орындық акт залы,  медициналық жабдықтармен жабдықталған  1 медкабинет, 1 кітапхана залымен  бар. Мектептің кітап қорында 9698 дана кітап бар.  Мектепте екі үлкен жазғы және қысқы спорт зал, бір шахмат бөлмесі, күрес және боксқа арналған жаттықтыру залдары , қазақ халқының ұлттық ойыны тоғыз құмалақ, мектеп оқушыларына арналған арнайы ұл балаларға шаштаразы бар.  Биология, химия, физика, қазақ тілі мен әдебиеті, информатика, роботатехника, еңбек  пәніне арналған арнайы сынып бөлмелері  бар. Тігіншілік үшін 8 тігін машинасы, ұл балалар үшін ағаш жөндеу техникалары бар. Бір үлкен  асхана бар, 280 орындықпен жабдықталған. Асханада оқушыларды ыстық тамақпен және буфеттік тағамдармен қамту ұйымдастырылған.

Мектептің оқыту тілі – қазақ, орыс, өзбек тілдерінде. Көп тілді меңгерудің деңгейін арттыру мақсатында сабақтар беріледі. Қазіргі таңда мектепте 72 педагог қызметкер, 13 тех қызметкер жұмыс жасайды.

119

оқу кабинеттері

1200 +

оқушылар

72

білікті мұғалімдер

Керимкулова Балхия Жетписбаевна

Мектеп директоры
  •  Білімі: жоғары

  • Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы:
    1994 ж Низами атындағы Ташкент педагогикалық институты

  • Мамандығы: Физика пәні мұғалімі